KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Күршімде таушымылдықтың тамырын қазғандар ұсталды

29.06.2018, 05:04 159

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында таушымылдықтың тамырын қазған 2 жігіт ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, табиғатқа аяусыздық танытқан азаматтар Қалжыр ауылының 27 және 29 жастағы тұрғындары болып шықан. Олардан таушымылдықтың 23 түптамыры тәркіленген. Аталмыш өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгендіктен, азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.


Естеріңізге салайық, таушымылдық еліміздің Шығысындағы таулы, орманды аудандарда өседі. Ерекше қасиетінің арқасында барлық аурулардың емі, яғни, панацеясы атанған өсімдіктің тамыры халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Одан әзірленетін пион тұнбасы тәбет ашып, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, әрі астың қорытылуын жақсартып, жүйкені тыныштандырады. Ал тамырында болатын құрттар өсімдіктің өзіне қарағанда әлде қайда бағалы. Құрттар кордицепс саңырауқұлағын жинауға қолайлы жағдай тудырады. Ал саңырауқұлақтарды арнайы технологиялар арқылы мықты иммуномодуляторға айналдыруға болады және одан басқа да емдік препараттар, биологиялық белсенді қоспалар жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив