KZ
Өскемен
снегопад жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Риддердегі шенеуніктер шуы: ұлының өлімін кешірген әкені кім соғып кетті?

24.06.2018, 04:27 157

Риддер қаласындағы шулы жол-көлік апатынан көз жұмған Евгений Смольниковтың әкесін өз подъезінде белгісіз біреулер ұрып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында орын алған аталмыш жол-көлік оқиғасында Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаев мас күйінде өзінің меншік БМВ Х5 көлігімен 19 жастағы  қала тұрғыны Е. Смольниковты қағып өлтірген болатын.


Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне хабар түнде кеп түскен. Ауруханада азамат Смольниковке дәрігерлер миының шайқалуы, мұрнынның жабық сынуы, кеуде клеткасының гематомасы диагнозын қойыпты. ШҚО ІІД бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың мәлімдеуінше, бұл бұзақылық шабуыл болған. Қазір жедел тергеу тобы құрылып,жұмыс жүргізуде.


Осы жайтқа байланысты аймақ басшысы Даниал Ахметов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Облыс әкімі құқық қорғау органдарына осы істі жіті бақылауда ұстауды тапсырып отыр.


–Барлықтарыңыздан алдын ала қорытындылар шығаруға асықпауларыңызды сұраймын.Прокуратура және полиция қазір деректерді мұқият зерделеуде. Арнайы топ іске кіріскен. Осы ретте іске куәгер болып табылатын Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев жазаға тартылмады деген пікірлердің дұрыс емес екенін атап өткім келеді. Оған толық емес қызметтік сәйкессіздік түріндегі ескерту жарияланған. Бұл мемлекеттік қызметші үшін ең қатаң жаза, – деп атап көрсетті Даниал Ахметов.


22 маусымда Риддерде осы іске қатысты екінші сот отырысы өткен-ді. Сол отырыста судья қорғаушының сұрауы бойынша қос тарапқа, яғни адвокат пен прокуратураға өзара процессуалдық келісімге келу үшін төрт тәуілік уақыт берген болатын. Келесі отырыс 26 маусымда сағат 16-30-да өтуі тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив