KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Риддердегі жол апатына қатысты сот басталады

14.06.2018, 08:40 112

Бір аптадан кейін Риддер қаласы әкімінің орынбасары қағып өлтірген бозбаланың ісіне қатысты сот басталады.


Нақты айтқанда, Бауыржан Құрманбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс Риддер қалалық сотында 21 маусымда қаралатын болады. Іс сот өндірісіне 8 маусымда қабылданған.


Естеріңізге сала кетсек, жол апаты 15 сәуір күні Риддерде орын алды. Қала әкімінің орынбасары жеке BMW X5 автокөлігімен 18 жастағы Евгений Смольниковты жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті. Бозбала оқиға орнында көз жұмған еді. Сараптама нәтижесі бойынша Бауыржан Құрманбаевтың көлікті мас күйінде жүргізгені анықталып отыр.


Ал жол апаты орын алған кезде көлікте Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев та болған. Қазір ол бұл істе куәгер ретінде өтуде. Өткен аптада Өскемен басшысы уақытша қызметінен кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив