KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Риддер әкімінің орынбасары қағып өлтірген жігіттің туыстарына қысым көрсетілген

25.04.2018, 04:09 131

Оқиға орнында көз жұмған бозбаланың туыстары қаланың криминалдық полиция бастығынан қысым көргенін айтып, құзырлы органдарға шағымдануда. Бұл туралы ШҚО прокуратурасы таратқан ақпаратта хабарланып отыр.


Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуірде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев «BMW Х5» автокөлігін басқарып келе жатып, жоғары жылдамдықта Евгений Смольниковты қағып кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы орын алған кезде Бауыржан Құрманбаевпен бірге оның көлігінде Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев та отырған екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Сондай-ақ, ШҚО прокуратурасы қаза болған Евгений Смольниковтың туыстарынан бірнеше рет арыз түскенін де мәлімдеді. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Евгенийдің әкесі 19 сәуірде Бауыржан Құрманбаевтың автокөлігін ұстау үшін іс-шаралар уақытылы орындалмағанын айтып, арыз түсірген. Сол күні бұл іске қатысты арызданушының досынан да тағы бір шағым келіп түскен. Ол Риддер қаласының ІІД криминалдық полиция бөлімінің бастығы өзіне қысым көрсеткені туралы арызданып отыр.


Аталған фактілер бойынша ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық Кодекстің 370-бабы (қызметі бойынша әрекетсіздік) және 362-бабы, 4-бөлігі (күш көрсету қаупімен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив