Өскеменде жоғалып кеткен риддерлік бозбала табылды
Он күн бұрын Өскеменде жоғалып кеткен Риддер тұрғыны отбасымен байланысқа шығыпты. Ол анасына қоңырау шалып, аман-есен екенін және жақын арада үйге оралатынын айтқан.
Естеріңізге сала кетсек, 18 жастағы Александр Козьмин 6 маусымда Риддерден Өскеменге келіп, хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Анасы оның қай жерде болуы мүмкін екенінен хабарсыз еді.
14 маусымда бозбала өзі қоңырау шалған екен. Алайда осы уақытқа дейін қайда жүргенін нақты айтпаған.
Бүгін анасы Екатерина Сашаны алып кетуге Өскеменге жолға шыққанын хабарлап отыр.
Оқи отырыңыз