KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскеменге келген риддерлік жігіт жоғалып кетті

13.06.2018, 08:06 144

Александр Козьмин осыдан он күн бұрын Өскемен қаласына жұмыстарымен кетіп, қайта оралмады. Қазір қайда болуы мүмкін екенінен ата-анасы бейхабар.


Саша стоматологиялық колледжде оқиды. Күнделікті Риддерден Өскеменге оқуына бару үшін жолға шығады екен.


Өскеменге қарай 4 маусымда кеткен жігітпен анасы бір күннен кейін хабарласа алмай қалды. 6 маусымнан бері телефоны сөндірулі. Қазір еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеу шараларын бастап кетті.


-Ұлымды көріп, танып қалғандар бір хабар беретін шығар деп үміттенімін, - дейді Александрдың анасы.


Фотосуреттегі жігітті көргендеріңіз немесе ол туралы қандай ақпараттарыңыз болса, анасына хабарласуларыңызды сұраймыз:  8-705-498-12-42 (Екатерина).


Ерекше белгілері: бойы шамамен  175-180 см, шашы қарақоңыр түсті, ернінің үстінде және иегінде меңдері бар, мұрыны сынғандықтан, аздап қисайған, дөңестеу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив