KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыста Мемлекеттік рәміздерді қастерлеудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан

4.06.2018, 04:37 121

Біздің облыс Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеудің тамаша үлгілерін көрсетуге, оны ата салт-дәстүрімізбен сабақтастыруға үлкен үлес қосып келеді. Осы күнді атап өтудің өңірімізде өз дәстүрі қалыптасқан деуге болады. Айталық, мереке күні Өскемен қаласындағы «Қазақстан» деген жазуы бар тауда облыстың мемлекеттік қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдап, еліміздің заңын сақтауға, адал еңбек етуге сөз береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл тауда ант беру рәсімінің өтуінің өзіндік мәні бар. Өйткені оның ең ұшар басына тұғыр орнатылып, оған еліміздің көк байрағы тігілген, баурайына үлкен әріптермен «Қазақстан» сөзі жазылған. Бұл жер - сондай-ақ қала халқы мен меймандар демалуға келетін сүйікті орындарының бірі.


–Өскеменнің іргесіндегі биік тауға еліміздің Туын тігіп, Елтаңбасын, Әнұранының мәтінін орнату өте дұрыс қадам болды. Өңірімізде жас мемлекеттік қызметкерлердің осындай қастерлі рәміздеріміз орналасқан жерде ант қабылдауы да бекерден-бекер емес, олар мемлекетіміз бен мен халқымыздың алдында жауапкершілік арқалап келеді, – дейді облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жаңабай Әшімов.


Ант қабылдаған жастардың дауысында дірілдің сезілуі аталмыш шараның олар үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек.


Осылайша, Шығыс өңірі мемлекеттік мерекені ереше формада, тың мағынада атап өтудің өзіндік бір дәстүрін қалыптастыра білді. Биыл да ұлық мейрам өңірімізде кең көлемде аталап өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив