KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Өскеменнің мұғалімдері робот құрастыруды үйреніп жатыр

30.05.2018, 06:24 120

Өскеменде Мәскеуден келген халықаралық деңгейдегі бес тренер облыстың 272 информатика пәнінің мұғалімдеріне робототехника курсын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


LEGO Education Russia&CIS компаниясының жетекші менеджері Андрей Лопухин, Ресей Робототехника Ассоциациясының Президенті Максим Васильев және басқа да тренерлер өңіріміздегі мектеп ұстаздарына робототехника пәнінің білім негіздері мен жобаларды үлгілеу, робот құрастыру, бағдарламалау бағыттарын үйретуде.



«Шығыс» өңірлік орталығының басшысы Мұңлық Асанованың айтуынша, алты күн бойы өтетін курсқа өңіріміздегі толық жиынтықты мектептердің мұғалімдері қатысып отыр.


Айта кетсек, былтыр облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен өткен «Менің мектебім» жобасы аясында «Парыз» қорына демеушілердің көмегімен қомақты қаражат жиналып, соның нәтижесінде қаладағы ғана емес, ауылдардағы мектептерде де робототехника кабинеттері ашылып, қажетті жиһаздармен, құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Алдағы қыркүйектен бастап оқушылар осы кабинеттердің игілігін көретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив