KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Өскемен су қоймасында 3 жыл бойы өсірілген форель сатылымға шықты

29.05.2018, 10:04 251

Өскемен су қоймасында шарбақтық тәсілімен қолдан  өсіріліп жатқан форель  саудаға шығарылып, сатылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шығыс Қазақстанның өзен, көлдерінде кездеспейтін форель мұндай тәсілмен алғаш рет өсіріліп отыр. Ел ішінде бақтақ деп те аталатын аса дәмді балықтың бұл түрі бізге осы уақытқа дейін Алматы, Ресей жақтан әкелінетін.


Үш жыл бұрын шығыстағы Өскемен су қоймасында алғаш рет шарбақтық тәсілмен балық өсіру шаруашылығын құру қолға алынған болатын. Су қоймасын балық өсіруге пайдаланудың құжаттары әзірленіп, конкурс өткізіліп, қорытындысында су қоймасының екі учаскесін «Грандфиш», «Восток универсал» ЖШС форель  өсіру мақсатында пайдалануға алды.


Екі шаруашылықтың Зырян ауданындағы Ермаковка ауылы маңында және Ұлан ауданының Новотроицкое ауылы тұсында форель  өсіретін участоктары бар.


- «Гранд Фиш» ЖШС форелі қазір Өскеменде аквариумдегі тірідей күйінде де сатылып жатыр. Бағасы өзге жақтан әкелінетін балықтан төмен. Шаруашылықтың участогіне аталмыш балықтың 60 000 дай құртшабағы былтыр Алматы жақтан әкелініп, жіберілген болатын. «Гранд Фиш» тауарлы балық сатып жатса, «Шығыс Универсал» ЖШС форелдің құртшабақтарын көбейтіп өсіріп, сату үстінде.


Жергілікті нарықты өзіміздің балық өнімдеріне толтыру үшін, балық шаруашылығын дамыту үшін енді осындай шаруашылықтарға  мемлекеттен субсидия беру жағын қарастырып жатырмыз,-дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев.


Алдағы уақытта Бұқтырма су қоймасының таулы жерлері маңындағы жекелеген участоктарында да осындай шарбақтық тәсілмен қолдан балық өсіру шаруашылықтары құрылмақ. Ол участоктарда пеледь, репус сияқты балық түрлері өсіріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив