KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да тағы да орман өртенді

29.05.2018, 03:31 318

Өрт өткен демалыста Бесқарағай ауданындағы Қарамұрза орман шаруашылығының аумағында шыққан.


Өртті ең алғашқы болып, сол тұстан өтіп бара жатқан екі ер адам Павел Юрченко мен Шыныбек Сәкенов көріп қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады.


Құтқарушылар келгенге дейін екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге кірісіп кетіпті. Шыныбек Сәкенов бұрын орман шаруашылығында жұмыс істеген екен, сондықтан мұндай жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін білген.


Өрт сөндіру қызметкерлері келіп жеткенде, олар өрттің таралып кетпеуін қадағалап, бір күректің көмегімен жалынға бөгет жасап отырған.


Өртті сөндіруге орман шаруашлығынан 65 адам мен 23 техника, сондай-ақ, бір автоцистернамен 6 өрт сөндіруші жұмылдырылып, сол күні кешке сөндірілді. Оның аумағы 15 гектарды құрап отыр. Орман шаруашылығының қызметкерлері әлі де өрттің шығу көздерін жоюда. Жалпы қызыл жалынның тұтануына адамдар себеп болуы мүмкін екен.


Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Семей қаласының маңындағы орман шаруашлығының аумағынан да өрт шыққан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив