KZ
Өскемен
+23°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Кеше бес жасар баланы өрттен құтқарып қалған кім?

17.05.2018, 04:01 113

Өскемен қаласының тұрғыны өрттеніп жатқан үйдегі  бес жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға кеше, яғни 16 мамыр күні Бажов көшесінде болған. Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, өрт шыққан кезде бес жастағы бала пәтерде жалғыз болған. Жалғыз қалған бүлдіршін үйде сіріңке жағып ойнағанға ұқсайды.


-Көпқабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқан жас жігіт бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен шыққан жалын мен қою түтінді көрген кезде балкон арқылы үйге кіріп өртті өшіреді. Ащы түтінге уланып қала жаздаған баланы ол көршілерге тапсырып кеткен,-деп хабарлайды ТЖБ баспасөз қызметі.


Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы өртті өшіріп, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған жігіттің кім екенін білмей отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив