KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями Штиль
475.39 513.37 5.4

Абай мұражайында үш жаңа зал ашылады

17.05.2018, 02:56 178

Мамырдың 18-де Халықаралық музей күніне байланысты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Үш қайнар»: Абай шығармашылығы», «Абай жолы» – әлем әдебиетінің жауһары», сондай-ақ «Қ.Мұхамедханов – абайтанушы» атты үш экспозиция залының және «Абайдың туыстық айналасы» суреттер көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы Музейдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Абай шығармашылығына арналған алғашқы залдан, көрермен қауым данышпан ақын нәр алған – қазақтың халық ауыз әдебиеті, шығыс халықтарының поэзиясы, орыс және батыс әдебиетінің озық туындылары сынды үш қайнар бұлаққа қаныға алады. Мұнда халқымыздың ежелгі өлең-жырларына, аңыз-ертегілеріне, сондай-ақ Абай арқылы ел арасында кең тараған шығыс шайырларының жыр-дастандарына, орыс және батыс әдебиеті өкілдерінің классикалық еңбектеріне молынан орын берілмек. Көзіқарақты жан ұлы ақын өлеңдері мен қарасөздері, аудармалары арқылы оның әдеби мұрасымен жақын танысып, сырына терең үңілетін болады. Сол сияқты екінші және үшінші залдың экспозицияларыда талғампаз көрерменді бейжай қалдырмайды деп атап өтті музей қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив