KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Өскемендегі мектеп-интернатта болған өрттен 30 адам құтқарылды

16.05.2018, 08:52 171

Бүгін сағат 10:46 кезінде Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының екінші қабатында өрт шықты. Ғимараттың жатын бөлігінде терезедегі пластик бөлшектер өртенген. Өрттің аумағы - 0,5 ш.м.


№3 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері 30 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның ішінде 17 бала. Зардап шеккендер жоқ.


Өртті сөндіруге жеке құрамның 8 адам мен 3 бірлік техника қатысты. Өрттің шығу себебі қазір анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив