KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

ШҚО-да таудан сырғыған топырақ жолды бөгеп қалды

6.05.2024, 12:06 71 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан таудағы топырақ сырғып, көлік жолын бөгеп қалды.

Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға Күршім ауданындағы Маралды-Үшбұлақ автожолының 12-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерде атқарылатын жұмыстарды анықтау үшін аудандағы жауапты мекемелердің басшылары (аудан әкімінің орынбасары, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Күршім» коммуналдық шаруашылығы), облыс орталығынан «Қазақстан селден қорғау» мекемесінің мамандары  жіберілді.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданатын болады. Қазір аталмыш жол учаскесінде полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Оқиға орнына облыс орталығынан төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аттанды.

Жағдай аудан әкімінің бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив