KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде заңсыз тұрған павильондарды орнынан алу жұмыстары басталды

11.05.2018, 04:11 122

Өскеменде жалпы қалалық аумақта заңсыз орналасқан бірнеше павильондар алынып тасталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Облыс орталығындағы заңсыз тұрған сауда дүңгіршектерін орнынан алу жұмыстары қолға алына бастады. Кеше демонтаж Ушанов алаңының ауданында жүргізілді.


Өткен жылы күзде соттың шешімі бойынша осы дүңгіршектердің бірінің қожайынына 680 000 теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Айыппұл төленгенімен, дүңгіршек өз орнында қалып қойған. Енді оны алып тастаумен қалалық қызметтер айналысуда.


Жалпы Өскемен бойынша 200 сауда дүңгіршегі бар, оның ішінде аулада тұрғандарын да қоса алғанда. Барлығының жұмысының заңға сәйкестігі тексерілетін болады.


-Заңсыз тұрғандары алынып тасталады. Бірақ бұл саудагерлерге жұмыс істеуге тыйым салынады деген сөз емес, - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.


Алдағы уақытта Астанадағы «Мың сауда орыны» бағдарламасының тәжірибесін енгізу жоспарланып отыр екен. Өскемендік кәсіпкерлерге 20 павильон ұсынылады. Ал онда сауда жүргізу құқығын аукцион арқылы ұтып алуға болады.


[su_slider source="media: 31346,31347,31348,31349,31350"]


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив