KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Полицейлер майдангерлерге құрмет көрсетті

9.05.2018, 02:03 153

Шығыс Қазақстан облысынан мыңдаған адам Ұлы Отан соғысына қатысып, жерімізді жаудан қорғаса, солардың жартысынан астамы бейбітшілік үшін жанын қиып, туған жерге қайтара оралмаған.


Жеңіс күнінің қарсаңында облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев және Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриев Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жерлестерімізді еске алып, құрмет көрсетті.


Өңірдің құқыққорғау органдарының басшылары майдангер, отставкадағы полковник Құрмат Рахимовпен бірге соғыс кезінде қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған монументке гүл шоқтарын қойды.


Генералдармен бір қатарда Ішкі істер және Ұлттық ұлан органдарының ардагерлері, сондай-ақ, мектеп оқушылар мен балабақшалар тәрбиеленушілері де ескерткішке гүл қойып, құрметтерін білдірді.


Митингке қатысушылар қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға үш дүркін автоматтан оқ атты.


Салтанатты шара облыстық ІІ департаментінде ұйымдастырылған полиция қызметкерлерінің және Өскемен қаласы әртістерінің мерекелік концертіне жалғасты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив