KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Отан қорғаушыларға биыл ерекше құрмет көрсетілді

8.05.2018, 10:34 134

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеу өңірде әдеттегідей 7 мамырда ертемен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты әскери шаралардан, боздақтарға арнап гүл шоқтарын қою рәсімінен, мәдени кештерден, спорттық жарыстардан бастау алды. Бұл күні облыстың қалалары мен аудандарында 300-ге тарта тақырыптық іс-шаралар өткізілді.



Биылғы жылдың басты ерекшелігі – облыс орталығының Стрелка ықшам ауданындағы Жеңіс саябағында ұйымдастырылған еске алу вахтасы болды. Бұл жерге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары және қала мектептерінің оқушылары алғаш рет Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жамбыл облысындағы Отар әскери базасының полигонында өткен салтанатты әскери шеруді онлайн режимде тікелей тамашалады.



Ертіс пен Үлбінің түйіскен нүктесінде тұрған Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алау басында өткен еске алу вахтасына Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев, Өскемен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Сергей Денякин, Ауған соғысы ардагерлерінің Өскемен қалалық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Олег Фролов қатысып, жиналғандармен бірге Отан қорғау жолында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алау басына басына гүл шоқтарын қойды. Олардың соңын ала жыл сайын көрсетілетін бұл қасиетті құрметті қала мектептерінің оқушылары мен тұрғындары жалғастырды.



Елбасының қатысуымен өткен әскери шеруден соң,  қала мектептерінің оқушыларынан құралған әскери жасақтардың Ұлы Жеңістің 73 жылдығына және даңқты жерлесіміз, «Халық қаһарманы», соғыс ардагері Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған сайыс түріндегі әскери шеруі болып, онда болашақ Отан қорғаушылар  ән сала жүріп саптық дайындықтарын паш етті. Олардың ішінде Меновное орта мектебінің оқушылары үздік деп танылды.


Байқаудан соң киокушинкай каратенің облыстық федерациясының тәрбиеленушілері көрнекілік өнерлерін көрсетіп, Мәңгілік алау басына өз гүл шоқтарын қойды.


Бұл күні Отан қорғаушыларға арналған салтанатты іс-шаралар легі Өскеменде күні бойы жалғасын тапты. Мәселен, Орталық мәдениет үйінде  «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген тақырыпта классикалық музыкадан концерт өтсе, облыстық драма театрда  орыс труппасының әзірлеуімен Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне арналған «Лейтанант Володька» әскери драмасы көрермендер назарына ұсынылды.


Ал түстен кейін тұрғындар қалалық ипподром жаққа ағылып, онда Өскемен қаласы және Ұлан ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өткен, «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған ат спортының бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу секілді ұлттық түрлерінен өткен жарыстармен ашылған жаңа маусымына куә болса, сондай-ақ, бұл күні Алматы тасжолының бойында велоспорттың да жаңа маусымы басталды.


Ерке Ертістің жағасындағы Ғашықтар аллеясында бұл күні таңертеңнен кешкі алтыға дейінгі арлықта көшелік «драг-рейсингтен» облыстық ашық кубок ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив