KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Семейде әскери-спорттық эстафета өтті

4.05.2018, 09:22 116

Өскелең ұрпақтың бойына бауырмалдық пен адамгершілікті, отансүйгіштік пен ауызбіршілікті сіңіру мен үйретуде әскери шаралардың маңызы ерекше. Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене тәрбиесі және эстетика әдістемелік бірлестігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес қалалық әскери эстафета өтті.


Еліміздегі 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні мен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған шараға Зияткерлік мектептің екі командасынан бөлек №21, 26, 34 білім мекемелері, «Батыр» әскери – патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.


Әскери эстафетаға қаламыздағы алғашқы әскери дайындық орталығының бастығы, майор Бекен Үкібасов пен тәжік –ауған шекарасындағы қақтығыстардың ардагері Есенғали Оразбаев арнайы келіп, төрелік етті .


Команда құрамы 6 оқушыдан бекітіліп, оған 3 ер, 3 қыз баладан алынды. Сайыс негізінен жер бауырлап жүру, Калашников автоматын жартылай шашып-жинау, автомат магазинін оққа толтырып, бұзу, пневматикалық мылтықтан оқ ату сынды кедергілерге толы 6 кезеңнен тұрды.


Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озып шыққан Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы бірінші орынды иеленіп, кубокты қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, жүлделі 2 – ші орын №26 орта мектебіне бұйырса, ал 3-ші орын №34 орта мектептің командасы лайық деп танылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив