KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Көктемде су басқан көлік жолы нығайтылды - Күршім ауданы

12.05.2024, 13:07 237 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданындағы Кенжебай және Бұрма көл учаскелерінде жол жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ерте көктемде қарғын су салдарынан көл арнасынан асып, көлік жолын су басып қалған болатын. Жергілікті атқарушы органдар дереу шара қолданып, жұмысқа тиісті мамандар жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылды. Қазіргі уақытта 730 метр жол жөнделіп, нығайтылды. 

- Көлік жолы көлді қақ жарып өтіп жатыр. Қар суының салдарын көл тасыған кезде жолды су шайып кеткен. Жолды көтеру туралы шешім қабылданғаннан кейін он күн бойы жол жұмыстары үздіксіз жүргізілді, - дейді "ОблысШығысЖол" ЖШС өкілі, учаске басшысы Бағлан Ұябаев. 

Маманнның айтуынша, жолды көтеруге 6173 тонна материал жұмсалған. Он қызметкер іске жұмылдырылып, сегіз техника тартылды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив