KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Семейде жаңа автобустар қозғалыс бағытына шықты

1.05.2018, 13:17 148

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлгі мерекесінде Семейде жағымды жаңалық орын алды. Атап айтқанда, қала тұрғындарының игілігіне 15 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Корейлік «Daewoo» маркілі су жаңа көліктер семейлік автоқұрастыру зауыттарының бірінде жинақталған.


Бұл автобустар жаңа қозғалыс бағыты бойынша қызмет көрсетпек. Нақтырақ келтіргенде, №4 маршруттағы жылжымалы құрам, Семейдің сол жақ жағалауынан Қарағайлы шағын ауданына дейін қатынайтын болады. Отандық өнім былтыр ғана ашылған «Семей» автобус паркіне тиесілі. Мекеме басшылығы аталмыш көліктердің евро – 5 экологиялық талаптарына сай келетінін атап өтті. Сол секілді барлық автобустарда GPS құрылғылары орнатылыпты.


-Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамы осындай жақсы жаңалыққа ұласып отыр. Өткен жылы орта санаттағы 20 автобусты сатып алынғанын білесіздер. Бүгін олардың қатарына тағы 15 жаңа көлік қосылды. Қуантатыны олардың түгелі жергілікті зауытта құрастырылған, - деген Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, алдағы уақытта тағы да шағын және орта санаттағы қоғамдық көліктерді алу көзделгенін тілге тиек етті.

Әбден тозығы шыққан автобустарды нарықтан алып тастауды межеленуде. Бұл әсіресе «Газель» маркілі көліктерге қатысты. Мұндай техниканың саны қазір Семейде 130-ға тақау болып шықты. Ал оларды алмастыру жұмыстары біртіндеп кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.


Жаңадан пайдалануға берілген көліктердің құны 40 млн теңгені құрайды екен. Сол сияқты аталмыш жылжымалы құрамды WI-FI жүйесімен қамту жоспарда бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив