KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады

Фото: politobzor.net

20.05.2024, 11:42 137

20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев - 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және кредит" мамандығы бойынша , 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

2019 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.

2020 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың 4 мамырынан бастап "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесін басқарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив