KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтті

1.05.2018, 07:11 165

Облыс тұрғындары Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін ерекше көңіл күймен атап өтті. Республика алаңына жиналған жұртшылық сән-салтанаты жарасқан қазақстандықтардың ынтымағы мен татулығына тағы бір рет куә болды.


«Мен – Қазақстанның патриотымын» атты дәстүрлі мерекелік шеруге осы жылы сан мыңдаған адам қатысты. Оған әр ұжым ерекше дайындықпен келіпті. Әр мекеме-кәсіпорын өздерін айшықтап, ерекшелеп тұратын футболкалар мен арнайы киімдерін киіп шықты. Еліміздегі бірлік пен татулықты насихаттайтын транспаранттарын биік ұстаған көңілді топтың жүздерінен қуаныш лебі есіп тұрды.


Шаһар жұртшылығы мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі жүргізіп отырған саясаты бүкіл әлемге үлгі болып отырғанын атап өтті.



– Ардақты ағайын! Қадірменді қауым! Қымбатты жерлестер! Ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған Қазақстан халқының бірлігі күні баршамызға, қайырлы, құтты болсын! Бірлігі берекелі, достығы мығым, ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз жасай берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, мағыналы ғұмыр тілеймін. Еліміз тыныш болсын, - деді Даниал Ахметов.

[su_slider source="media: 30438,30439,30440,30441,30442,30443,30444,30445,30446,30447,30448,30449,30450,30451,30452,30453,30454,30455,30456,30457,30458,30459,30460,30461,30462,30463,30464,30465,30466,30467"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив