KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шыға алмай қалды

29.04.2018, 10:06 222

Хоккейден Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен бірінші дивизион командалары арасындағы Әлем чемпионаты біздің құрама үшін сәтсіз аяқталды.


Соңғы ойын күні қазақстандықтар Польша құрамасын 6:1 есебімен талқандағанымен, олардың тағдыры қарсыластарының ойындарына тікелей байланысты болатын. Алдымен Италия құрамасы Словениямен өткен кездесуде матч аяқталуға небәрі екі секунд қалғанда жеңіс голын соғып, 4:3 есебімен ұтып кетті. Негізі, бұл матч тең аяқталса, Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шығып тұр еді.


Сол сияқты соңғы матч та қазақстандықтардың пайдасына аяқталмады. Мажар хоккейшілері Ұлыбритания құрамасын негізгі уақытта жеңсе де жеткілікті болатын. Алайда, тағы да ойынның бітуіне санаулы секундтар ғана қалғанда жеңіліп жатқан британдықтар есепті теңестіріп кетті. Артынша Тұманды Альбионнан келген команда матч соңындағы буллиттер сериясын да өз пайдасына шешті.


Осылайша біріншілік қорытындысында алғашқы екі орынға ие болған Ұлыбритания (11 ұпай) мен Италия (9 ұпай) құрамалары элиталық дивизонға жолдама алды. Ал италиялықтар секілді тоғыз ұпайға ие болған қазақстандық команда үшінші орында қалып қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив