KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өңірде өндірісте жүріп қаза табу оқиғалары азая қойған жоқ

11.11.2012, 18:00 128


Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек қауіпсіздігінің сақталуына орай 1661 тексеру жүргізіп, еңбек қатынасына байланысты 3502, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты төрт мыңға жуық заң бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тексерулер мен қадағалаулар өндірістердегі жазатайым, қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізіп отырғанымен, өңірде өндірісте жүріп қаза табу оқиғалары азая қойған жоқ. Өткен он айда өндірісте 225 адам жарақаттанып, оның ішінде 22 оқиға адам өлімімен аяқталған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Бақытбек Қизатов еңбек қауіпсіздігі , әлеуметтік қорғау мәселелері жайында өткізген баспасөз мәслихатында бүгінгі күні облыс бойынша жалақы қарызы 9, 857 млн. теңгеге түскенін мәлімдеді. Жалақы қарыздары Глубокое ауданы бойынша «Черемшанский бройлер» (1, 818), Семей қаласы бойынша «Кенже Мұнай» (3, 836 ) және «Тәжірибелік эксперименттік зауыты» (4, 203) ЖШС-де сақталып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив