KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Петропавлда телефон зарядтайтын орындықтар пайда болды

27.04.2018, 10:53 134



Петропавлда тегін WI-FI пайдаланып, оргаджеттерді зарядтауға болатын күн батареялары орнатылған орындықтар пайда болды.


Орындық емен ағашынан жасалып, күн батареясы орнатылған, үстінен аса берік органикалық әйнекпен жабылған екен, сол себепті батареяға жауын-шашын да, аяз да, қатты жел де әсер етпейді.


Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қалада төрт смарт-орындық орнатылыпты: екеуі – қалалық әкімдік алдында, екеуі – облыстық әкімдік алдында.


"Орындық USB-порт арқылы екі гаджетті зарядтауға болады. Сонымен қатар, тегін WI-FI функциясы бар", — деп мәлімет берді әкімдік.


Орындықты өндіруші — "Branch Bench" беларус фирмасы. Арнайы тапсырыспен жасалған, Қазақстанда басқа аналогы жоқ.


Дерек көзі

Sputnik Қазақстан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив