KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ҚАЕУ сыныптары ағылшын тілін үйретеді

26.04.2018, 06:47 115

Өңіріміздегі балабақшалар мен мектептерде, лицейлер мен колледждерде Қазақстан-Американдық еркін университетінің ағылшын тілін үйрететін сыныптары ашылуы мүмкін.  Аталған университеттің «Бала бақша – мектеп –ЖОО» жобасы аясында ашылатын  бұл сыныптарда ҚАЕУ-нің оқытушылары мен студенттері сабақ беретін болады.


Бұл мәселе ҚАЕУ-де өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту біртұтас ұлттың тұлғасын қалыптастырудың үлгісі ретінде» атты дөңгелек үстелде  тағы да сөз болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үштілділік білімді жүзеге асыру, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі, рухани білім, білікті мамандарды даярлау, оқушы жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру секілді өзекті негізгі бағыттары талқыланған басқосуда ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиев ҚАЕУ сыныптарын облыстағы әрбір балабақша мен мектептерде, лицейлер мен колледждерде ашу жоспарда бар екенін жеткізді.


-  Ағылшын тілін үйретуді балабақшадан, мектептен бастау қажет деп санаймын. Осы мақсатта аймақта жүзеге асырылып жатқан үштілділікті дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірдегі балабақша мен мектептерден, колледждерден ҚАЕУ сыныбын ашып, жас ұрпаққа өзіміздің  методикамызбен ағылшын тілін үйретуді қолға алсақ дейміз. Мұндай сынып осы жылдың ақпан айында  Өскемендегі дарынды балаларға арналған Валеологиялық арнайы мектеп-кешенінде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бірақ, ешқандай балабақша, мектеп басшысын ҚАЕУ сыныбын ашуға мәжбүрлемейміз. Ал тілек білдіргендерге қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив