KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да 1 маусымға дейін барлық үйлер жөнделіп бітеді

25.04.2018, 12:26 93

Биылғы көктемгі су тасқынынан өңірдегі Аягөз, Глубокое, Зырян, Шемонаиха аудандарындағы тұрғындардың баспаналары қатты зардап шеккені белгілі. Қазір баспанасы қирағандарға жаңа баспана алып беру, жөндеуге жарайтындарын толық жөндеп шығу жұмыстары қарқын алған. Аталған мәселені өзінің күнделікті бақылауына алған аймақ басшысы Даниал Ахметов аталған аудандардың әкімдеріне осыған қатысты барлық шаруаны созбалаңға салмай, жазға дейін тас-түйін аяқтауды тапсырды.


– Тасқынның салдарын жою бойынша осы аудандарда атқарылып жатқан шаруалар толық менің бақылауымда. Су басқан елді мекендерге бірнеше мәрте өзім де барып, көрдім, мердігер компаниялар өкілдерімен тиісті жиналыс өткізілді. Ертең кезекті рет Зырян ауданында болып, ондағы жұмыстарды көретін боламын. Аудандар әкімдеріне айтарым, барлық шаруа қысқа мерзімде сапалы түрде атқарылуы тиіс. Баспаналарды жөндеумен айналысып жатқан мердігердің бәрі жергілікті сенімді адамдар. Сондықтан, баспаналарды жөндеуді 1 маусымға дейін толық бітіруді тапсырамын, - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

[su_slider source="media: 29890,29885,29889,29886,29892,29883,29893,29879,29895,29880,29896,29894,29882,29891,29888,29887"]


Аймақ әкімі аталған аудан әкімдерінің ішінде Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысовтың тасқын салдарын жоюдағы ұйымдастырушылық еңбегін атап көрсетіп, оған жөндеу жұмыстарын 15 мамырға дейін бітіруді тапсырды. Сондай-ақ, одан қиын уақытта әрекетсіздік танытқан орынбасарлары мен көмекшілеріне қандай шешім шығарғанын сұрады. Аудан әкімінің айтуынша, орынбасарлары қатаң сөгіс арқалап, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметімен қош айтысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив