KZ
Өскемен
+7°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Семей мемлекеттік медицина университетінде ағаш отырғызылды

23.04.2018, 03:58 142

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толығымен қолдайтындықтарын білдірген Семейдегі мемлекеттік медицина университетінің ұжымы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватымен ұйымдасқан түрде тұңғыш рет әдемі көшеттер отырғызды. Бұған дейін Семейдегі көптеген өсіп тұрған ағаштар бей-берекет кесіліп те кеткен жағдайлар орын алған еді.



-Бұл біздің туған жерімізге деген құрметтің белгісі,-деді СММУ ректоры Ерсін Жүнісов,-Отанымызды қадірлеп, тоғайы жайқалған елге, орманы қалың жерге айналдыру біздің парызымыз.

Осынау ағаш отырғызу акциясы «Саябақ маршы» деп аталды. Оған «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының Семей бөлімшесінің директоры Ринат Бастаниев қатысып, алғашқы ағашты ректор Ерлан Жүнісовпен бірге салтанатты түрде отырғызды.


Сондай-ақ, «Экологиялық сауалнама» ойыны ойналып, жастар табиғатты қорғау туралы ойларын ортаға салды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив