KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Семейдегі сенбілікте 400 түп көшеттер отырғызылды

24.04.2016, 18:00 138



Семейдегі Түйемойнақ аралында Шығыс Қазақстан облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары штабы мен Семей электротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Менің сүйікті мекенім» атты сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке қала әкімінің орынбасары Н.В.Шарова., «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Ф Жамалтдинова., «Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы А.Нұғымаров., Семей қалалық прокуратурасы., "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты"., қалалық маслихат депутаттары және т.б мемлекеттік мекеме мен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында «Түйемойнақ» аралы қоқыстан тазартылып, қатысушылар қураған ағаштарды кесіп, талдарды әктеді. Сондай-ақ аталмыш сенбілік аясында жастар күшімен 400 түп жас көшет отырғызылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы ШҚО «Жасыл Ел» еңбек жасақтары штабының директоры К.Касеновтың айтуынша: «Сенбіліктің басты мақсаты табиғатты аялай отырып, қалалықтардың басым көпшілігі барып демалатын Түйемойнақ аралын қоқыстан тазарту, жас көшеттер отырғызу болатын. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттыру көзделді».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жасыл Ел» - Мәңгілік Ел. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын Мәңгілік Бәйтерек тұрпатты Жасыл елді табыстауымыз керек», -деп атап өткен болатын. Осы мақсатта сенбілікке жалпы саны 300 ге жуық қалалықтар белсене қатысып, өз қалаларына, еліне деген құрмет сезімін көрсетті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив