KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Семей орманындағы өрттің шығыны анықталды

14.06.2018, 11:15 116

Мамырдың соңында Семей орманынан шыққан отты өрт сөндірушілер бірнеше күн дегендеауыздықтаған болатын. Тілсіз жаумен күреске 300-ден астам адам, 70-тен астам техника жұмылдырылды. Жуықта мамандар облыста тіркелген ірі орман өртінің зардаптарын толық есептеді.


Тілсіз жау жалмаған жерді тексергенарнайы комиссия шығынның 78 миллион теңгені құрағанын мәлімдеп отыр.


«Семей Орманы» мемлекеттік табиғи орманрезерваты мамандарының айтуынша, жалын орманға қарасты 260 гектар жерді шарпыған. Оның 218 гектары қарағайлы аумақ екендігі анықталды. Бүгінде мұнда орманшылардың күшімен жанған аумақтысанитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бөлімше директоры Ринат Бастамиевтің айтуынша, жұмыс істепжатқан арнайы топ жанған ағаштарды тазалап кесуге дайындайды. Ал өртенген қарағайларсаудаға шығарылып, келген шығын сол қаражаттың есебінен өтелетін болады.Әзірге оттың шығу себептерін анықтаумақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив