KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Неліктен «Қазпоштаның» банкоматы әлі күнге дейін қойылмай жатыр?

14.04.2018, 09:12 120

– Биыл қаңтар айында өткен аудан әкімінің есепті жиынында ауылға «Қазпошта» бөлімшесінің ішінен «Қазпоштаның» банкоматын ашамыз деген болатын он күннің ішінде. Алайда осы уақытқа дейін орнатылмады. Неліктен? Оны орнатумен кімдер айналысады? Соның нақты жауабын білгіміз келеді.


Тиянақ Мұхитов,


Өрел ауылы, Катонқарағай ауданы

Сауалға «Қазпошта» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басқарма басшысы Адлан Тоқбаев жауап береді:


– 2018 жылғы 30 қаңтарда Катонқарағай аймағы үшін екі жаңа банкомат келіп түсті. Жаңа банкоматтар іске қосылуы, тұрғындарға еш қиындықсыз және уақытылы қызмет етуі үшін жаңа банкоматтарды жұмыс күйіне келтіруге бағытталған шаралар жасалуы қажет. Сол себептен, ескі банкоматтарды шалғайда орналасқан ауылдарға орналастыру үрдісі жаңа банкоматтардың іске қосылуына дейін тоқтатылды.


«Қазпошта» АҚ 2017 жылдың қыркүйек айында өндірістік пайдалануға карточкаларды шығару мен қызмет көрсетуге қажетті жеке Процессингті Орталықты іске қосуына байланысты – банкоматты Катонқарағай ауданының Өрел ауылына ауыстыру үшін қосымша баптаулар және уақыт қажет екенін хабарлаймыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив