KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Пәтер бағасы қымбаттауы мүмкін

11.04.2018, 09:13 167

Облыс орталығында 1678 көппәтерлі тұрғын үй бар болса, соның 45-тен астамы  соңғы жылдары салынған су жаңа үйлер. Баспана ескі болса да, жаңа болса да оған деген қажеттілік, сұраныс азаймақ емес. Әсіресе, осы жылдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырылғалы отырған «7-20-25» бағдарламасы пәтерге, жекеменшік үйлерге деген сұранысты әлдеқайда арттыра түспек. 7 пайыздық ипотекамен жаңа үйлерді ғана емес қайталама, екінші нарықтағы баспаналарды да сатып алуға болады.


Ұлттық экономика министрі  «7-20-25» бағдарламасымен бірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК)  өз қызметтерін  бұрыңғы шарттарымен жалғастыра беретінін мәлім етті.


Сонымен, сарапшылар  енді ипотекаға қатысушылар саны айтарлықтай  көбейетінін, бұл өз кезегінде үй бағасының көтерілуіне алып келуі мүмкін екенін айтуда. Жыл басынан бері онсыз да елімізде тұрғын үй, жылжымайтын мүлік құны  қымбаттай түскен.


Өскемендегі жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын агенттік өкілдері де осыны алға тартып, жұртқа пәтерлерді қымбатшылық басталмай тұрып сатып алудың жөн екенін айтуда.  Сонымен бірге агенттік қызметкерлері сатып алушыларға баспананы ескі үйлерден емес, қаланың  жаңадан бой көтеріп жатқан 19-ы ықшам ауданы, ЖМК аумағындағы жаңа тұрғын үйлерден сатып алуға кеңес беруде.  Қала ішіндегі ескі үйлерден гөрі ауасы тазарақ, болашағы бар осы аумақтағы жаңа үйлер барлық жағынан қолайлы, артық дейді олар. Дегенмен, бұл жақтың алыстығынан, жолының жөнделмегендігінен, басқа да уақытша қиындықтарынан қашқан сатып алушылар баспананы көбінесе орталықтағы ескі үйлерден сатып алып жатқан жайы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив