KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Тасқыннан зардап шеккен аягөздіктерге мұғалімдер ұжымы көмек қолын созды

6.04.2018, 11:18 203

Қызыл судан жапа шекен аягөздік тракторшы Серікқазы Есенбаев пен ағаш ұстасы Қайрат Сариннің отбасыларына облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтар ұжымы көмек қолын қолын созды. Мұғалімдер зардап шегушілердің өтініші бойынша, оларға қажетті тұрмыстық техника мен кілем сыйлады.



Білім шаңырағында өткен жиналыс кезінде мұғалімдер мектеп директоры Кульфарида Раисованың қаражат жинау жөніндегі ұсынысын бірауыздан қолдаған-ды. Қиын жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетуге «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ басқармасы да өз үлесін қосты. Зияткерлік мектебінің ұжымы ақылдаса келе, атаулы көмек көрсетуді ұйғарыпты.



Аягөздіктердің өздері  тасқынның түнде  емес, күндіз орын алғанына бір жағынан «тәубе» дейді. Ең бастысы – адамдардың өмірі сақталып қалынды.


Серікқазы Есенбаев пен Қайрат Сариннің отбасыларына әкімдік баспана берген болатын. Жаңа қонысқа ие болғандарға тұрмыстық техника мен еденге төсейтін кілем аса қажет еді. Осыны ескерген назарбаевтықтар бір отбасына газ плитасы, тоңазытқыш пен кілем сыйласа, екінші жанұяға тоңазытқыш, газ плитасы және кір жуатын машинаны сатып әперді.



      Бақытсыздықтан әлі естерін жия алмай отырған жандар өздеріне қолдау көрсеткен жандарға шексіз алғыстарын жеткізді.


Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, мектеп ұжымы Зырян ауданындағы Зубов ауылының тасқын судан зардап шеккен тұрғындарына да осындай көмек берген.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив