KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері Зыряндағы отбасына көмек қолын созды

11.04.2018, 07:01 158

Зубов кентінде қызыл судан зардап шеккен Андреевтердің отбасының өмірі қалыпқа келе бастады. Оларға Назарбаев зияткерлік мектебінің материалдық көмегі дер кезінде жетті.


Ас үй мен бөлмеден тұратын шлактан салынған үйін несиеге алып, үш қызын жалғыз өзі асырап отырған  «Фаворит»  ЖШС –нің жұмысшысы Юлия Андреева көктен түскендей болған бұл қуанышқа сене алмады. Алайда  зияткерлік мектебінің ұжымы дәл осы отбасына көмектесуді ұйғарған болатын. Зардап шеккендерге жылжымалы жәшіктері мен матрастары бар үш төсек, көрпе-жастық пен басқа да төсек орын жабдықтары, «Мечта» электр плитасы мен электршәйнегі жеткізілді.



Жертөлесінде әлі де су сақталғанымен, сыйлықтар жеткізілген күні үйге кіруге болды. Үйдің қабырғалары мен еденді  құм мен балдырдан, кір-қоқыстан тазартып, заттарды кептіруге мүмкіндік туған. Жиһаздар мен тұрмыстық техниканың барлығы жарамсыз болып қалыпты.  Су үйден ұзақ уақыт кетпегендіктен, осы уақытқа дейін Андреевтер мектепті паналауға мәжбүр болыпты.


– Біздің мектепте оқушылар  «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында аутист балалармен, сал ауруына шалдыққан балғындармен жұмыс істейді, ардагерлермен кездеседі. Зияткерліктер осындай топтардағы балалардың социумға бейімделуіне ықпал етіп,  оларға көмек көрсетуге үйренеді. Осылайша біз өзімізде де жаны ашу, уақытында көмекке келу сияқты қасиеттерді дамытамыз,– дейді  Назарбаев  зияткерлік мектебінің директоры Кульфарида Раисова.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, осыдан біраз бұрын Аягөз қаласындағы екі отбасына да осындай көмек көрсетіліпті. Оған  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ-ның  басқармасы да өз үлесін қосқан болатын.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив