KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Глубокое ауданындағы интернатта тасқыннан зардап шеккен 15 адам тұрып жатыр

30.03.2018, 07:02 148

Глубокое кентіндегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың бір бөлігі бүгінде мұндағы О.Бөкей атындағы мектепте-интернатта тұрып жатыр.


Білім мекемесінің директоры Сәуле Досқалиеваның айтуынша, қазір интернатта 15 адам тұрып жатыр. Олардың жетеуі - бала.


- Қолдан келген көмектің бәрін беріп жатырмыз. Мектепте зардап шеккендерге қызмет көрсететін медик пен психолог маман жұмыс істеуде. Жер-жерден қайырымдылық көмек те келіп жатыр. Тұрғындар төсек-орынмен, үш уақыт ыстық тамақпен қамтылған. Сол сияқты біздің елді мекенде жұмыс жүргізіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің мамардары да орналасуда, - дейді мектеп-интернат директоры.

Оның айтуынша, білім мекемесінің ұжымы зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарына бір адамдай атсалысуда.


Айта кетейік, қазақ тілінде білім беретін аталмыш мектепте қазір 600-ге жуық бала оқып жатыр. Оларға 63 мұғалім дәріс беруде.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив