ШҚО-да «Ақпараттық технологиялар орталығы» ашылды
Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауында көрсетілген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында облыс әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» ашылды. Орталықтың басты міндеті аймақтағы цифровизация процессін дамыту болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі цифровизацияның барлық процесстеріне баса назар аударылады.
Шығыс Қазақстанда бұл міндетті орындау үшін тау-кен өнеркәсібі, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім салаларында, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірқатар жобалар жоспарланған.
2017 жылдан 2020 жылға дейін «Ақылды қала» жобасының аясында жол жүру ережелерін фото-бейнежазбаға түсіру бойынша аппартаттық-бағдарламалық кешендерді орнату, Өскемен және Семей қалаларының көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аталған қалаларда елді мекендердегі бос жер телімдері туралы мәлімет беретін электронды карталар жасалады.