KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Өскеменде Халықаралық театр күні тойланды

28.03.2018, 07:18 113

27 наурыз – халықаралық театр күні. Осынау кәсіби мерекені шығысқазақстандық сахна шеберлері де өз деңгейінде атап өтті.


Өнердің ішінде театр өнерінің шоқтығы қашан да биік. Бұл өнер түрі ұлы далаға кештеу келгенімен, ешқайсымыз бүгінде кенже қалды деп айта алмаймыз.  Сонау 1917 жылы Ойқұдық жайлауында Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы қазақ театр өнеріне кең жол ашты. Бүгінде қазақ театр өнері тамырын тереңге жайған үлкен бәйтерек сынды. Ал 1961 жылдан бері тойланып келе жатқан халықаралық театр күні тек шығармашылық адамдарының ғана емес, халықтар арасындағы бейбітшілік пен бірліктің де мерекесі екені сөзсіз.


Мерекеге қатысушыларды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы басшының орынбасары Мирас Жұмағұлов құттықтап, жылы лебізін білдірді.


- Бүгін шынында да үлкен мереке. Өнер жолы әсте оңай емес. Оны біз өте жақсы түсінеміз. Қазақ труппасы мен орыс труппасы, Жастар театры болсын керемет қойылымдарды сахнаға шығарып жатыр. Оған біз куәміз. Сіздердің өнерлеріңізге баға беретін – көрермен қауым. Ендеше Шығыстың көрермендері сіздерге риза, - деді Мирас Жұмағұлов.

[su_slider source="media: 26896,26897,26900,26899,26901"]


- Театр өнері - өлмейтін, өшпейтін, өміршең өнердің бірі. Ал енді театрға жан беретін, жандандыратын кімдер? Ол – актерлер. Ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Мереке мерекеге ұласа берсін!, - деген Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ШҚО филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков өз өнерімен көзге түскен бірқатар театр саласы қызметкерлеріне сый-сияпат тапсырып, қазақ труппасының көркемдік жетекшісі Сахан Әкелеевтің кеудесіне «Еңбек даңқы» төсбелгісін қадады.

Сонымен, бұл жолы  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Маска» сыйлығына кімдер ие болды?


«Жылдың ең үздік актрисасы»  номинациясын Мадина Исина қанжығасына байлады. Ал  «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» қойылымындағы Жан-сұрбойдақ рөлі үшін Мирас Разхановқа бұйырса, «Ең үздік әйел адам рөлі»  номинациясына  Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері –Ақтотқы» қойылымындағы Ақтоқты рөлі үшін Альмира Айтжанова ие болды. «Екінші пландағы ер адам» номинациясына актер Қайрат Мұқұшев лайық деп табылса, «Ең үздік эпизодтық рөл» номинациясын Арыстанбек Мұқият еншіледі. Сонымен бірге, әлеуметтік желіде ұйымдастырылған сауалнаманың нәтижесі бойынша «Көрерменнің көзайымы» номинациясы Қалық Қамитке берілді.  «Көп жылғы еңбегі үшін» аталымына Маратбек Сырым, «Балалар қойылымындағы үздік рөл» аталымына Шалқар Арыстанбеков ие болды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив