KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-ның тағы екі ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялануы мүмкін

24.03.2018, 10:54 112

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында «жоғары дайындық» режимі енгізілді.  Тасқын мерзімі аяқталғанға дейін аталған өңірлерде азаматтық қорғаныстың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді.


Айта кетсек, Катонқарағай ауданында 10 үй және 35 ауланы су басты. Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімдігі Сурка өзенінің жағалауына қоршау тұрғызып жатыр. 44 адам эвакуацияланып, олардың бір бөлігі жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды.


[caption id="attachment_26582" align="alignnone" width="768"] Катонқарағай ауданы[/caption]


Су басқан аумақта жергілікті атқарушы органнан 58 адам және 18 адамнан құрылған №36 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, арнайы су басқан жерлерді тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.


Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылында 68 үйдің ауласын су басып, 4 адам ауыл мектебінің ғимаратына орналастырылды. Мұнда да су бұру бойынша жұмыстар атқарылуда.


 


Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болатынын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив