KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

«Саржал» кітабының екінші бөлімі жарыққа шықты

20.03.2018, 03:00 92

«Туған жерге ту тіккендер». Дәл осындай атаумен Шығыс өңіріне белгілі азамат Бекен Теміров, «Саржал» кітабының екінші бөлімін жарыққа шығарды. Еске сала кетейік, былтыр аталмыш еңбектің «Саржал: ауылымның тарихы – елімнің тарихы» деген атаумен алғашқы бөлімі оқырманға жол тартқан еді. Туынды авторы әлдебір рудың яки белгілі бір әулеттің шежіресін насихаттауды көздемеген. Мұндағы мақсат – өлкенің әлімсақтан бүгінге дейін жеткен тарихына жан-жақты тоқталу, сондай-ақ жер-су атауларына қатысты аңыз-әпсаналарға ғылыми түсінік беру.


«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бұл сөздері, кімді болса да ойландыратыны анық. Рас, Тәуелсіздікті алғанымызға ширек ғасырдан асқанын ескерсек, осы күнге дейін өлкетануға қатысты бірде-бір көлемді еңбектің жарық көрмегенін байқау қиын емес. Бұл пікірмен келіспеуге әркім құқылы. Әйтсе де мектеп атаулыны былай қойғанда, жоғары оқу орындардың өзінде бұл бағыт әлі жолға қойылмаған. Міне осының орнын толтыру үшін Бекен Теміров, «Саржал» атты кітапты жазып шыққан екен. Осы тақырыпта қалам тербеу оған таңсық емес. Бекен Нұғыманұлы ұзақ жылдар Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайын басқарған. Аталмыш еңбекті жазуға ол екі жылдай уақыт жұмсалғанын айтты. 500 данамен басылған туынды да, өткен ғасырдың 30-40 жылдардағы құнды мұрағат деректері қамтылыпты. Сонымен қоса оның мазмұны тарихи мағлұматтарға, ақпарат құралдарының мәліметтері және ресми авторлардың шығармаларына негізделген. Атап айтқанда, мұнда Шыңғыстау өңірі, Шаған өзенінің бойын мекендеген елдің тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік оқиғалар жан-жақты көрсетілген-ді.



- Саржал туралы кітап жазуыма бірнеше себеп түрткі болды. Біріншіден бұл аймақта өткен ғасырда әрі одан арғы заманда небір тарихи оқиғалар орын алған. Екіншіден Саржалдың сар қымызы, ауылдың даңқын мұқым елге асқақтатты десем қателеспеймін. Бірақ көпшілік әлі де болса бұл өңір туралы біле бермейді. Жәнеде жас ұрпақтың туған жерінің тарихын біліп жүрсін деген ниетпен осы жұмыс қолға алынды. Енді тарихи-деректі хикаяның жалғасы ретінде «Туған жерге ту тіккендер» деген екінші бөлімі әзірленді. Мұнда сол жерде туып өсіп, ауылдың өркендуіне үлес қосқан жандар туралы айтылады. Сондай-ақ жұмыс бабымен бұл аймаққа келіп, халықтың құрметіне бөленген азаматтар туралыда қамтылған. Бұдан бөлек бүгінгі күннің ерлері, ауылдың гүлденуіне күш салған тұлғалар жөнінде де көлемді мәліметтер келтірілген. Жалпы айтқанда, кітапта 440 адамның елеулі істері жинақталған, - деп атап өтті Бекен Теміров.

Бұл жұмыста жер-су атауларынада ерекше көңіл бөлініпті. Мәселен кітаптың үшінші тарауында елуге шақты жер-су аттары енгізіліп, олардың шығу төркіні туралы түсінік берілген. Бұдан басқа айтулы еңбекте дайындауда, көптеген фотоқұжаттар қолға түскен, дейді танымал өлкетанушы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив