KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады

Кеше, 22:00 26 Назерке Каримова

БЖЗҚ қазақстандықтарға қор клиенттеріне қатысты алаяқтық фактілері көбейіп кеткенін ескертті.

Алаяқтар салымшылар мен алушыларға қор қызметкері болып қоңырау шалып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Соңғы кездерде алаяқтар әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап тапқан. Соның бірі – салымшылар мен алушыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін бөлімшеге бару қажеттігі және SMS арқылы электронды брондауға мүмкіндік бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады, - деп ескертті "БЖЗҚ" АҚ.


БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайтынын еске салады. Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермей, бейтаныс сілтемелерге өтпеуді ескертеді.

Барлық сауалдарыңызға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да ала аласыз:

  • kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы
  • байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін байланыс
  • +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp
  • БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х (Twitter) және Instagram парақшалары

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив