KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Өскеменде «Беловодье» фестивалі өтті

13.10.2024, 10:30 156 Назерке Каримова

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында XXII Халықаралық орыс дәстүрлі фольклоры фестивалі «Беловодье» ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы «Беловодье» фестиваліне әншілік, хореографиялық бағытта өнер көрсететін 25 ұжым мен жеке орындаушылар, сондай-ақ қолданбалы өнер шеберлері қатысты.

Фестиваль бағдарламасына концерттік қойылымдар, халық мәдениеті бойынша шеберлік сабақтары, қолөнер жәрмеңкесі, орыс этнографиясы бойынша көрме, Сол жағалау мұражай кешеніндегі шығармашылық кездесу және дәстүрлі кешкі ойын-сауық кіреді.

Әртүрлі өңірлерден келген шығармашылық ұжымдары өздерінің өнерлерін көрсетіп, көпшілікті славян мәдениетінің бай мұрасынымен таныстырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу