Дәстүрлі орыс фольклорының «Беловодье» халықаралық фестивалі өтті
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында XXII Халықаралық «Беловодье» орыс дәстүрлі фольклоры фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биылғы «Беловодье» фестиваліне әншілік, хореографиялық бағытта өнер көрсететін 25 ұжым мен жеке орындаушылар, сондай-ақ қолданбалы өнер шеберлері қатысты.
Өнер фестиваліне Шығыс Қазақстан және басқа да өңірлердің шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Новосібір мен Барнаулдан келген өнерпаздар қатысты.
Фестиваль 22-ші рет өткізілуде. Бүгінде әртүрлі өңірлер мен шекаралас аумақтардың өкілдерін біріктіретін алаңға айналды. Барнаулдан келген қонақтар өткізген халықтық билер, қолөнер, сондай-ақ тоқу және ағашқа ою-өрнек салу бойынша сабақтар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Алтай өлкесінің халықтар үйінің фольклор маманы Ирина Красильникова фестивальде дәстүрлі фольклорын сақтап жүрген жандарды көрумен, тәжірибе алмасу мүмкіндігімен құнды екенін атап өтті.
Ал Павлодар облысының казак ансамблінің мүшесі Сергей Князев «Беловодье» фестиваліне үшінші рет қатысып жатқанын, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Жыл сайын фестивальге қатысушылардың саны артып, географиясы да кеңейіп келеді. дәстүрлі мәдениетті, өнерді сақтауда ерекше шара екенін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жеткізді.
Фестивальге қатысушыларға облыс әкімі Ермек Көшербаевтың атынан халықтық өнерді сақтауға және насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қуаныш Рахметоллаұлы