KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Беловодье» орыс ұлтының мәдениетін әспеттеді

13.10.2024, 19:15 111 Назерке Каримова

«Беловодье» орыс дәстүрлі фольклорының XXII халықаралық фестивалінің екінші күнінде қолөнер туындылары дәріптеліп, арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Достық үйі - ШҚО Қоғамдық келісім орталығында өткен "Беловодье" фестиваліне ән, хореографиялық бағыт пен аңыз-әңгімелер айтушылар, солистер және сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлерінен тұратын 25 ұжым қатысты.

Биылғы фестивальға өз өнерлерімен бұрыннан танымал болған ұжымдармен қатар, Ресей өңірінен арнайы келген фольклорлық топтар да қатысты.

- Жыл сайын біз фестиваль бағдарламасын бір-біріне ұқсатамайтын ерекше етіп өткізуге тырысамыз.   Бүгін фестиваль аясында біз шеберлік сыныптары мен шығармашылық зертханалар ұйымдастырдық. «Беловодье» фестивалі - бұл талантты көрсетуге арналған алаң ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, жаңа тәсілдермен танысу және фольклорлық дәстүрлерді сақтауда жаңа көкжиектерді ашу мүмкіндігі, - деді ШҚО ҚХА Қоғамдық институттармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Әсел Самарканова.


Фестиваль аясында Достық үйінде шеберлік сыныптары, қолөнер жәрмеңкесі және орыс этнографиясы бойынша көрме ұйымдастырылды.

 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу