KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Семейде сауда дүкендеріне бейнебақылау камерасын қою ұсынылды

15.03.2018, 03:00 131

Семейде полиция қызметкерлері темекі түрлерін ұрлайтын ұрлықшыны қолға түсірді. Ол үш ай бойы сауда дүкендерінде аса қымбат тұратын темекі өнімдерін өзінше «сатып алып» жүрген.


-Қаңтар айының соңында Әуезов аудандық полиция бөліміне 53 жастағы жәбірленушіден арыз түсті. Айтуынша, белгісіз бір ер адам, дүкенде тұрып 7 блок толы қымбат бағалы темекілерді қалтаға басып, ұрлап кеткен,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,- Жәбірленушінің сөзіне сүйенсек, кешке жақын бөгде біреу дүкенге кірген. Шаруа қожалығының төрағасымын деп танысып, түрлі азық-түлікті молынан сатып алады. Бірнеше блок темекі өнімдерін де алған. Сөйтіп, дереу сыртқа шықпаққа ниет етеді. Ақшамды көлікте тастап кетіппін, бірер минуттан соң әкеп беремін, дейді. Әне, алған азық-түлігім сол күйі сөреде тұр дорбасымен, деп алдаусыратады. Сөйтіп, сатушының сеніміне кіріп, құны 30 мың теңге тұратын темекі блоктарын алып кетіпті.

Полиция қызметкерлері ұрыны бейнебақылау камерасына жазылып қалған түсірілім арқылы тапты. Сондықтан да, құқық қорғаушылар дүкен иелеріне бейнебақылау жүйесін орнатуды ұсынып отыр. Бұл өз қауіпсіздіктеріңіз үшін қажет, дейді олар.


Сонымен «темекі ұрлағышты» полиция қызметкерлері Алматы қаласында қолға түсіріпті. Ол осындай 22 оқиғаны бастан кешіріп, 300 мың теңгенің тауарын қолды қылған, бұрындары сотталмаған Семей қаласының тұрғыны болып шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив