KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Темекі ұрлаған Өскемен тұрғыны 7 жылға сотталуы мүмкін

23.01.2019, 09:22 180


19 қаңтар күні кешке Молдағұлова көшесімен үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғынына белгісіз біреу тап беріп, қолындағы пакетін тартып әкеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Пакеттің ішінде үш блок темекі болған екен. Жәбірленуші бірден полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Тәртіп сақшылары қаскүнемді ізін суытпай тауып, полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.


Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі бойынша («Тонау») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив