KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Алаяқтық фактілері тіркелді

24.01.2018, 05:42 357

Аязды күндерге қарамастан Семейде алаяқтық фактілері де орын алып жатыр. Қаладағы Орталық полиция бөліміне Семей қаласының тұрғынынан арыз түсіпті. Онда арызданушы азаматша, оған бір «Г» есімді әйелдің 2017 жылдың қазан айында, Шәкәрім даңғылы бойында кездесіп, балаңызды «Кен байыту комбинатына» жұмысқа тұрғызып беремін деп, 200 000 теңгесін алып кетсе керек.


-Азаматша полиция бөліміне тек биыл 20 қаңтарда ғана шағымданды,-деді Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-келген шығын 200 000 теңге. Орталық Полиция бөлімінің шұғыл-іздестіру шаралары барысында 52 жастағы бұрын сотты болмаған, қаланың тұрғыны табылды.  Ол өзінің іс-әрекеті туралы растады, қазрде тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚҚ 190 бап, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке орай, бұл аязды күні тіркелген жалғыз алаяқтық емес.   Қаңтардың 22-сі күні Затон аудандық Полиция бөліміне жеке кәсіпкер азамат арыз түсірді. Қаладағы Шугаев көшесі бойындағы дүкеніне белгісіз бір адам кіріп, сауда-саттық жасаған. «Ақша салған портмонемді көлігімнің ішінде ұмытып кеттіпін, қайта келіп төлеймін» деп сыртқа шығып кеткен күйі тауармен кетіп қалған. Шығын 31 830 теңге. ҚР ҚҚ 190 бап, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шұғыл-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив