KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде қоғамдық көлік жолаушыларының қалтасын қаққан ұры қолға түсті

19.04.2018, 11:30 162

Таңертең ел-жұрт жұмыстарына, сабақтарына бет алған кезде қалтаға түсуді армандаған ұры өзінің жұмысына қоса шығады екен.  Көбінесе бейқам жүретін 1,2 курс студенттері мен мектеп, гимназия, лицей оқушыларының қалтасын қаққан. Автобус ішінде ұрлық жасап, екі үш аялдамадан соң түсіп қалып отырған.


-Қаладағы М. Әуезов атындағы Орталық Полиция бөлім құқық қорғаушыларының шұғыл-іздестіру шарасы барысында 25 жасар жұмыссыз азамат қолға түсті,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,- Бізге мәлім болғандай, ол бұрындары да ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат болып шықты. Қазір полицейлер оның автобус ішінде жасаған 12 қылмыстық оқиғасын анықтап отыр. Келген шығын 1 млн теңгені құраған. Мәселен, №56 бағытты автобуста 63 жасар қартаң әйелдің қол сөмкесінен құны 300 мың теңге тұратын ұялы телефонды жымқырып кеткен. Ал 16 жастағы бойжеткен автобусқа кіріп, небәрі екі аялдама жүріп, түскен кезінде 87 мың теңге тұратын  «Samsung» телефонынан көз жазып қалған. Тағы бір қыздың «LG» маркалы 63 мың теңге тұратын қалта телефонын ұрлап алған.

Ұрланған телефондар тәркіленді. Қазірде ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бап, 1-інші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив