KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Борышкер» шарасы басталды

14.03.2018, 06:09 90

Бүгінгі күннен бастап 20-шы наурызға дейін облыс орталығында «Борышкер» жедел алдын-алу шарасы басталды. «Поток» арнайы автомобиль жүйесі арқылы полиция қызметкерлері әкімшілік шешім бойынша қарыздары бар көлік жүргізушілерін анықтайды. Шараға прокурорлар мен сот орындаушылары да жұмылдырылады.


Естеріңізде болса, дәл осындай шара ақпан айының соңында да қолға алынған болатын. Ол кезде 1,5 миллион теңге өндірілген еді.


–Сот актілердің орындалуы  бойынша департаментке  қаңтар-ақпан айларында қарыздары бар көлік иелерінің тізімі жіберілді. Ал көліктері айыпұлдар толық төленгенше арнайы тұраққа  апарылады,-деді қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Учаскелік инспекторлар мен сот орындаушылары борышкерлердің пәтерлерін аралап, тіпті олардың жұмыс орындарына  мәлімет  жібереді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив