KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскемендік көлік жүргізушілерінен  1 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

27.02.2018, 09:04 271

22-24-ақпан аралығында облыс орталығында «Айыппұл төле» акциясы  ұйымдастырылды. Жол сақшыларымен қатар прокурорлар, сот орындаушылары бірлесе жұмыс жасаған шарада  80 сот қаулысына бойынша  488 479  теңге,ал ерікті төлеу мерзімін  салғыртсып ұзартып жіберген 49 ұйғарым бойынша 840 590 теңге өндірілді.


Сонымен қатар әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлі төлету мақсатында  сот орындаушылары әлі борышкерлерден жалпы  4,5 миллион теңге өндірулері керек.


– Сот актлерін орындау бойынша департемнтке 688  көлік иелері жайлы мәлімет жіберілді.  Ол азаматтардың қаңтар айынан бастап  айыппұлдары бар.Полиция қызметкерлері  автокөліктерді тауып ұстап оларды  айыппұл тұрағына апару туралы 88 шешім шығарды,-деді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Темір тұлпарларынан айырылғысы келмеген көлік жүргізушілерінің көбі бұл жайдан соң лезде айыппұлдарын төлеп тастаған, қазір айыппұл тұрағында 11 көлік тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив