KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Мамай батыр ауылында көпір салынады

12.03.2018, 09:05 231

Облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында болып, мұнда қалыптасқан жағдаймен танысты.


Естеріңізге салайық, өңірде екі күн бойы толастамай жауған жаңбыр салдарынан Ұлан, Аягөз, Глубокое сияқты аудандардағы бірқатар өзен арнасына шығып, маңайдағы елді мекендерге қауіп төндірген-ді.



Сондай апатты жағдай Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында да қалыптасты. Аблакет ауылдық округінің әкімі Арслан Ағыланбековтың айтуынша, жексенбі күні таңертең ауыл шетімен ағып өтетін өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп, елді мекенге кіреберістегі көпірді басқан. Соның салдарынан ауылмен өзге елді мекендер арасындағы байланыс үзілген.



Аудан басшылығы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті қабылдаған шұғыл шаралар нәтижесінде бір тәулік ішінде жағдай қанағаттанарлық деңгейге жеткізіліпті. Бұл туралы ауылдағы жағдаймен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов те айтты.



– Құзырлы мекемелер мен жергілікті тұрғындар тарапынан қабылданған шұғыл шаралардың арқасында ахуалдың ушығуына жол берілмеді. Жалпы, ауыл ақсақалдары Мамай батырда мұндай жағдай соңғы 50 жылда болып көрмегенін айтып отыр. Демек, апат айтып келмеген. Соған қарамастан, ауыл жұртшылығы мен құтқарушылар ширақтық танытып, қызыл су тосқауыл қоя білді. Осы үшін барлықтарыңызға алғыс айтамын. Дегенмен алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін біз Мамай батыр ауылының кіреберісіне жаңа көпір салатын боламыз. Енді сол көпірдің құжаттамасын әзірлеу қажет, – деді облыс әкімі.


Белгілі болғандай, Мамай батырдағы апатты жою жұмыстарына 150-ге жуық адам қатысқан. Бір айта кетерлігі, кешеден бері құтқарушылар өздерімен бірге ала келген қайықтармен ауылдан шыға алмай отырған бір топ адамды бергі жағаға шығарып үлгеріпті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив